Астрид Линдгрен. Балақай және шатырда тұратын Карлсон

Балақайдың әке-шешесі күнде кешкілік серуен құратын. Міне, бүгін де анасы ауыз үйден:

– Балақай! Кристер мен Гунилла сағат сегізге дейін сенде бола тұрсын, содаң соң сен төсегіңе тез жата қал. Біз қайтып келген соң, мен саған «қайырлы түн» айтып шығармын, – деп дауыстады.

Балалар сыртқы есіктің тарс жабылғанын естіді.

– Анаң менің қай уақытқа дейін болатынымды неге айтпады? – деп сұрады Карлсон. – Егер бәрің маған бұлай әділетсіз болсаңдар, онда мен сендерге қосылмаймын.

– Сен өзің қанша қаласаң, сонша бола бер, – деп жауап берді Балақай.

– Мыналар сияқты неге мені де тура сегізде айдап шықпайды? – деді Карлсон өкпелі үнмен. – Жоқ, мен бұлай ойнамаймын!

– Жарайды, онда сені де сағат сегізде үйден айдап шық деп анама айтармын, – деп уәде берді Балақай.

Мама и папа Малыша ежедневно гуляли по вечерам. Вот и сегодня мама крикнула из прихожей:

– Малыш! Кристер и Гунилла могут остаться у тебя до восьми часов, потом ты быстро ляжешь в постель. А когда мы вернёмся, я пожелаю тебе «спокойной ночи».

Дети услышали, как хлопнула входная дверь.

– А почему твоя мама не сказала, до какого часа я могу здесь остаться? – спросил Карлсон. – Если все ко мне так несправедливы, то я с вами не буду водиться.

– Ты можешь остаться здесь до скольких хочешь, – ответил Малыш.

– А почему и меня не выставят отсюда ровно в восемь, как этих? – сказал Карлсон обиженным тоном. – Нет, так я не играю!

– Хорошо, тогда я попрошу маму, чтобы она и тебя выставила из дома в восемь часов, – пообещал Малыш.